Маусымның аяғында Ернар БАСПАЕВ Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы қызметіне кеткеннен кейін облыстық әділет департаменті бастығының лауазымды орнының бос боп тұрғанына бір айдан астам уақыт өтті.
Бұл лауазымда міндетін орындаушы мәртебесінде әзірге бұрын Атырау қалалық әділет басқармасының бастығы боп қызмет атқарған Сағынбай ТҰРҒАРИН тағайындалды.
Оның орнына да әзірге міндетін атқарушы болып бұрын Тұрғариннің орынбасары болған Айгүл УАИСОВА тағайындалды.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА