Атырау, 23 желтоқсан 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырауда көлік тізгіндеген жасөспірім жол апатына түсіп, қасындағы жолаушы қайтыс болды​

770 рет қаралды

19 қаңтар сағат 23:30 шамасында Атырау қаласы аумағындағы Атырау-Дамба тасжолында 2007 жылы туған жасөспірім басқарған ВАЗ-2170 және 2000 жылы туған жүргізуші басқарған Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. 

Соқтығыс слдарынан ВАЗ-2170 автокөлігіндегі 2009 жылы туған жасөспірім жолаушы оқиға орнында қайтыс болып, тағы бір жолаушы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті. 

20 қаңтар, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.