
Жөндеуден кейін қайта ашылған Нотр-Дам де Париге бір айда 800 мыңнан аса адам барған, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл минут сайын ғимаратқа 32 адамнан кіріп отырды деген сөз. Көбі билеттерді алдын ала сатып алмаған. Сондықтан келушілер кезегін 3 сағатқа дейін күтуге мәжбүр.
2019 жылдың көктемінде шіркеуде алапат өрт шыққан еді. Салдарынан ғимараттың шатыры мен ағаштан жасалған бір бөлігі бүлінді. Ол 5 жылға жалғасқан қалпына келтіру жұмыстарынан кейін желтоқсанның басында қайта ашылды.
Өртке дейін жыл сайын мұнда 14 миллион адам келетін.