Атырау, 13 желтоқсан 22:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Италия соты Берлускониге шығарылған үкімді растады

1 616 просмотра

Италияның кассациялық (жоғары) соты бейсенбі күні Mediaset медиялық тобындағы қаржылық астыртын әрекет туралы атышулы іс бойынша экс-премьер Сильвио Берлускониді төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімді растады, деп хабарлайды РБК. 

Әйтсе де, кассациялық сот мемлекеттік қызметке орналасуға тыйым салу туралы шешімді қайта қарау үшін аппеляциялық инстанцияға қайтарды.

Аппеляциялық сот мамыр айында Берлускониді төрт жылға абақтыға жабу үкімін шығарды және танымал саясаткер алдағы бес жыл бойы мемлекеттік қызметке орналаса алмайды деп бекіткен болатын. Кассациялық сот шешімі ақырғы шешім болғандықтан, оған қайта арыздануға болмайды.

Ал Берлускони өз кезегінде оған қатысты шығарылған сот шешімі еш негізсіз екенін мәлімдеді. Ол «күресуді жалғастыратынын» және елдегі әділ сот жүйесін реформалауға тырысатынын айтты.

Дереккөз: bnews.kz

2 тамыз 2013, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.