Атырау, 9 ақпан 19:13
 ашықВ Атырау -10
$ 511.18
€ 530.60
₽ 5.28

​SpaceХ-тің зымыран ұшыру сынағы сәтсіз аяқталды

832 просмотра

Starship ғарыш кемесінің жетінші сынағы сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды 24.kz

Оның SuperHeavy зымыран тасығышының жоғарғы бөлігі ұшырылғаннан кейін 8,5 минуттан соң қирап қалған. Бұл туралы SpaceX компаниясының сайтында хабарлаған. Төменгі бөлік Жерге ақаусыз жеткізілді. 

Оны ғарыш айлағындағы арнаулы механикалық құрылғылар ұстап алған. Сынақ Техастағы SpaceX алаңында өткен еді. Осы жолы мамандар орбитаға Starlink байланыс жүйесінің 10 жерсерігін жеткізбекші болған. 

Бұл миссия – аталған компанияның Ай мен Марсқа адамдар аттандыру стратегиясының бір бөлігі.

17 қаңтар, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.