Джей Карней.АҚШ Ресейдің АҚШ Орталық барлау басқармасының экс-агенті Эдвард Сноуденге саяси баспана беру туралы шешіміне көңілі толмай отыр, деп хабарлады Русская служба ВВС Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карниге сілтеме жасай отырып.
Ақ үй Ресей мен АҚШ арасында Санкт-Петербургте қыркүйекте өтетін G20 саммитінің алдында екі жақты саммит өткізуді көздеген болатын. Енді АҚШ бұл келісімді қайта қарастыратын болады. АҚШ Сноуденді экстрадициялауды жоспарлап отыр, себебі ол PRISM бақылау бағдарламасы туралы құпия ақпаратты таратып жіберген.
Бейсенбі күні Эдвард Сноуден Мәскеудің «Шереметьево» әуежайынан уақытша тұратын жеріне кетті. Оған Ресей аумағынан бір жылға уақытша саяси баспана берілді. Америкалықтардың пікірінше, Ресейдің бұл шешімі екі ел арасындағы қарым-қатынасты бұзуы мүмкін.
Дереккөз: bnews.kz