Атырау, 17 ақпан 16:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 495.28
€ 518.41
₽ 5.44

Сирия түрік тауарларына кедендік баж салығын күрт арттырды

845 просмотра
Көрнекі сурет

Жаңа шаралар іс жүзінде елдер арасындағы сауданы іркілтті, бұл түрік экспорттаушыларын күрделі мәселелерге әкеп соқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сирияның өтпелі үкіметі түрік тауарларына кедендік баж салығын айтарлықтай ұлғайтып, оны 300-500 пайызға дейін арттырды.

2024 жылы желтоқсанда Башар Асад режимі құлағаннан кейін құрылған Сирияның өтпелі үкіметі Түркиядан келетін импортқа айтарлықтай әсер ететін шешім қабылдады.

Осылайша, жаңа әкімшілік Түркия шекарасы арқылы өтетін импорттық тауарларға кедендік баж салығын 300–500 пайызға дейін арттырды. Бұл шешім екі ел арасындағы сауданың тоқтауына әкелді. Түрік экспорттаушылары мен сириялық импорттаушылар экономиканың көптеген салаларында үлкен қиындықтарға тап болды. Әсіресе Сирияның солтүстігіндегі оппозициялық күштердің бақылауындағы шекаралық өткелдер арқылы жүзеге асырылатын саудада күрделі мәселелер туындады.

Оңтүстік-Шығыс Анадолы экспортшылары қауымдастығының президенті Джелал Кадооглу жаңа баж салығы енгізілгенге дейін Түркиядан Сирияға ай сайынғы экспорт шамамен 30 миллион долларды құрағанын айтты, алайда жаңа кедендік мөлшерлемелер экспортты экономикалық тұрғыдан тиімсіз етіп, сауданы толығымен тоқтатып, шекарадағы ұзын-сонар кезекке алып келді.

– Жағдай әсіресе Сирияға жеткізуге маманданған компаниялар үшін ауыр болды, өйткені олар өз тауарларын басқа нарықтарға тез бағыттай алмайды. Тарифтердің күрт көтерілуі елге экспортталатын тауарлардың барлық түрлеріне әсер етті. Бұл елдің оңтүстік-шығыс аймақтарындағы компаниялар үшін елеулі экономикалық шығындарға әкелуі мүмкін, – деді Джелал Кадооглу.

Түрік сарапшылары жазғандай, бұл мәселе саяси күн тәртібіне қойылды. Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сирияның өтпелі үкіметінің өкілдерімен кездесуде тариф мәселесін талқылайды деп күтілуде.

Қазір көптеген экспорттаушылар сауданы қалпына келтіру және шығынды азайту үшін мәселенің жылдам шешімін күтуде.

17 қаңтар, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.