Атырау, 26 сәуір 0658
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: қозғалтқыштан құс қауырсындары мен қаны анықталды

845 просмотра
Фото: Yonhap

Тергеушілер Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Jeju Air ұшағының екі қозғалтқышынан құс қауырсындары мен қанды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша, қайғылы оқиғадан шамамен 4 минут бұрын ұшқыш құспен соқтығысқанын хабарлап, төтенше жағдай жариялаған. Ұшақ басқаратын маман дабыл қағудан екі минут бұрын диспетчерлер оған "құстардың әрекеті" туралы ескертті.

Құрылғылар апатқа бірнеше минут қалғанда жазуды тоқтатқаны тергеу барысына қиындық тудырып жатыр. Сарапшылардың пайымдауынша, қуат көзі, соның ішінде резервтік қуат ажыратылған болуы мүмкін, бұл – өте сирек кездесетін жағдай.

"Деректердің жоғалып кеткені таңқаларлық", – деді Корея көлік министрлігінің апатты тергеушісі Сим Джай-дон.

Сондай-ақ құстардың екі қозғалтқышты бірден зақымдауы сирек кездеседі. Дегенмен әлемдік тәжірибеде осындай оқиғалардан кейін сәтті қонғандар болды, мысалы 2009 жылы АҚШ-тағы әйгілі "Гудзондағы ғажайып” деп аталды.

Айта кетейік, бұған дейін Jeju Air әуе компаниясының Бангкоктан Муанға ұшатын Boeing 737-800 ұшағы 2024 жылы 29 желтоқсанда апатқа ұшыраған еді. Бортта 181 адам болған, ал экипаждың екі мүшесі ғана аман қалған. 

17 қаңтар, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.