Атырау, 6 сәуір 1209
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +17
$ 504.34
€ 556.34
₽ 5.97

Маңғыстауда прокуратура мұнай компаниясының қылмыстық істі жасырғанын анықтады

979 просмотра

Маңғыстау облысында мұнай-газ кешеніне сервистік қызмет көрсететін компаниялар өндірістік жазатайым оқиғаларды жасырып келген, деп хабарлайды otpannews.kz.

Прокуратураның тексерісі кезінде өндірістік жарақатқа байланысты материалдарды құқық қорғау органдарына жолдамай қалған дерек белгілі болды. 

«Жұмысшының жарақаты бойынша оның денсаулығына ауыр зиян келтіргені туралы қорытынды берілгеніне қарамастан, мұнай сервистік компанияның лауазымды тұлғалары бұл деректі жасырған. Тағы бір жазатайым оқиға бойынша дәл осындай оқиғаны жасырғаны белгілі болды», деп жазылған Маңғыстау облысының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Облыс прокуратурасы жинақтаған материалдар ҚК-нің 156-бабының 1-бөлігімен қылмыстық істер тіркеліп сотқа жолданды.

17 қаңтар, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16