Атырау, 22 наурыз 01:24
 ашықВ Атырау +12
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Құлсарылық қылмыскер ұсталды

2 474 просмотра

«ЖС»-да хабарланғандай («Құлсарыдағы кісі өлімі» жарияланымын қараңыз), 29 шілдеге қараған түні Құлсары қаласындағы подъезде оқпен атылатын қарумен 21 жастағы ер адамды өлтіріп кеткен еді. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, қылмыс екі тәуліктен кейін ашылды.

Облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасы мен Жылыой АІІБ қызметкерлерінен тұратын тергеу тобы тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтаған. Келесі күні 22 жастағы Құлсарының жұмыссыз тұрғыны ұсталды. Заттай айғақ – 16-шы калибрлі қосауыз аңшы қаруы тәркіленіп алынды. Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер кісі өлімі жігіттер бір-бірін ұнатпайтындықтан туындаған деп есептейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 тамыз 2013, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.