Республикалық автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жолға шыққан жүргізушілерге үнемі көктайғақ пен қолайсыз ауа райының қаупі туралы ескерту жасайды. Бұл жолы полицияның ескертуіне қарамастан жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарплайды Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«15 қаңтарда сағат 14:00-де полицейлер көктайғақ салдарынан сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы жүргізушілерге ескерту жасады. Алайда Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолының 53-ші шақырымында қоғамдық көлік (автобус – CaspianLife ескертпесі) пен Chevrolet Cobalt маркалы жеңіл көлік соқтығысты. Апат салдарынан 48 жастағы Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», – делінген хабарламада.