Атырау, 9 ақпан 20:02
 ашықВ Атырау -10
$ 511.18
€ 530.60
₽ 5.28

Бақсайдан құтқарылған шабақтар саны 3 миллионнан асты

1 158 просмотра

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы 16 қаңтарда сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Махамбет ауданына қарасты Есмахан ауылы тұсындағы Бақсай суарнасының жанында жүргізілген балық шабақтарын құтқару жұмыстары жөнінде мәлімет берді.

Инспекцияның ақпаратына сәйкес, 14-16 қаңтар аралығында су аймағынан 3 275 000 дана балық шабағы құтқарылды.

16 қаңтар күні балық шабақтарын арнайы ау құралдары арқылы сүзу нәтижесінде 1 270 000 дана шабақ табиғи ортасы – Жайық өзеніне жіберілді. Құтқарылған шабақтардың орташа салмағы 5-6 граммды құрайды. Олар негізінен мөңке мен сазан балықтарының шабақтары. Балық шабақтарын құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.

Инспекцияның ұйымдастыруымен бұл құтқару жұмыстарына Балық шаруашылығы бөлімі, Атырау, Махамбет, Теңіз және Дамба балық инспекцияларының мамандары, «ҚазСуШар» РМК және «Абылай-хан» ЖШС қызметкерлері жұмылдырылған. Жалпы саны 40 адам мен 7 техника осы жұмыстарды атқаруға қатысуда.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 қаңтар, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.