Атырау, 16 қаңтар 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Meta жұмыс күшінің 5%-ын қысқартады

85 просмотра
Tony Avelar/Copyright 2021 The AP.

Ақпан айында Meta жұмыс күшінің шамамен 5% немесе 3600-ге жуық жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр. Қысқартулар «нашар жұмыс істейтіндерді тез жою» үшін өнімділікке негізделеді, деп хабарлайды Euronews.

Facebook, Instagram, Threads және WhatsApp-қа иелік ететін Meta компаниясы «қауырт жылға» аяқ басқан кезде тиімділігі төмен қызметкерлерден құтылу үшін жұмыс күшінің шамамен 5%-ын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы  ішкі қызметтік жазбада айтылғанын Bloomberg және басқа ақпарат көздері хабарлаған. Мета акциялары осы жаңалықтан кейін сейсенбіде 2,3%-ға төмендеді.

Үшінші тоқсандағы табысы туралы есебіне сәйкес, Meta -да бүкіл әлем бойынша шамамен 72 404 қызметкері жұмыс жасайды. Яғни жұмыстан босату 3,600 жұмысшыға әсер етуі мүмкін. Жұмыстан босатылған қызметкерлер «жомарт өтемақы» алатыны айтылған. АҚШ-тағы қызметкерлер келісім-шартты бұзу туралы 10 ақпанда хабардар етіледі, ал АҚШ-тан тыс қызметкерлерге кейінірек хабарланады.

Бүгін, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.