«ҚазАвтоЖол» сағат 14:00-де келесі республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс ашылғанын хабарлады.
Ақтөбе облысы:
- Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесі;
Батыс Қазақстан облысы:
- Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 393-526 шақырым аралығындағы учаскесі.
Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» Ақтөбе облысы мен Батыс Қазақстан облысының басқа учаскелерінде де көлік қозғалысына шектеулер енгізілгені туралы хабарлаған болатын.
Батыс Қазақстан облысында:
2025 жылғы 16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 393-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған.
Ақтөбе облысында:
2025 жылғы 16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесінде (БҚО шекарасы-Маржанбұлақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған.