Атырау, 23 қараша 14:25
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

БҰҰ сарапшылары Сирияда химиялық қарудың қолданылу оқиғаларын тергеуде

2 636 просмотра

Химиялық қару бойынша БҰҰ сарапшылары Сирия тарапынан химиялық қару қолданылған үш жерді тексереді, делінген дүниежүзілік ұйымның ресми өкілі Мартин Несирки таратқан ақпаратта, деп хабарлады Trend.az. 

«Жақын арада Сирияға үш жағдайды бірақ тексеру үшін бару керек», - делінген ақпаратта.

Сирия үкіметі 19 наурыз күні Хан аль-Асальда қолданылған қаруды тергеу үшін швед профессоры Оке Селстромның басшылығымен сарапшылар тобын шақырды.

Дегенмен, БҰҰ басшылығы басқа жерлерге де баруға рұқсат сұрады. Сирия оппозициясының мәліметтері бойынша, химиялық қаруды ел билігі қолданды. Бұл мәселені реттеу үшін өткен аптада Селстром және қарусыздану жөніндегі БҰҰ бас хатшысының өкілі Анжела Кейн Дамаск қаласында кездесті. БҰҰ-ға Сирияда химиялық қару қолданудың 13 оқиғасы туралы ақпарат келіп түсті.

Дереккөз: bnews.kz

1 тамыз 2013, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.