Атырау облыстық волейбол федерациясының басшысы болып Арман Кабесов тағайындалды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы.
Арман Кабесов 1987 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Волейболдан спорт шеберіне үміткер, облыстың және Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы.
"Оның спорт саласындағы мол тәжірибесі мен жоғары біліктілігі облысымыздағы волейболды дамытуға үлкен үлес қосатынына сенімдіміз. А.Кабесовке жаңа қызметінде табыс тілейміз және оның жетекшілігімен Атырау облысының волейбол спорты жаңа биіктерге жететініне үміт артамыз", - делінген хабарламада.