Аудандық әкімшіліктің мәлімдемесі бойынша өткен жылдың су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілген.
Мәселен, 20 үйді 230 млн теңге, ал 4 отбасы баспанамен (96 млн теңге) қамтылған болатын. 28 отбасыға 10 млн теңге бір жолғы өтемақы төленсе, ал малдары шығынға ұшыраған 58 тұрғын да шет қалған жоқ. 191 бас малға (105 ірі қара, 45 жылқы, 40 қой-ешкі, бір түйе) 61,7 млн теңге қаржы төленді. Бөгеттерді көтеру үшін техникалар жалдауға 195, 9 млн теңге жұмсалса, бүлінген 13 учаскеге асфалт төселіп, 14 су өткізгіштер, 2 көпір қалпына келтірілді. Миялы-Жангелдин арасына жаңа көпір салынса, Қарабау ауылының кіре беріс жолының құрылысы аяқталды, жоба құны 77,2 млн теңге.
- 2025 жылғы су тасқынына дайындыққа 796, 5 млн теңге бөлініп, Сағыз, Миялы, Тайсойған, Жангелдин, Жасқайрат, Қоныстану, Тасшағыл, Қаракөл, Қарабау ауылдық округтерінде жұмыстар қызу жүруде. 1 гидротехникалық құрылыс, 9 ауыл мен 5 елді мекенде 41, 9 км бөгеттерді көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа 30 техника жұмылдырылды. Өткен жылы 82,2 млн теңгеге су тасқынына қажетті тауарлар және 376,1 млн теңге 6 техника сатып алынған болатын, - дейді Қызылқоға ауданы әкімі Қанат АЗМУХАНОВ.
Ауданда Сағыз және Ойыл өзендерін тазарту және тереңдету бойынша ЖСҚ әзірленуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА