
Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағының "қара жәшіктері" Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеме жасады:
"ҚР Көлік министрлігінің Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес, барлық факті мен материалдарды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есепті жариялайды. Есепте анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы қамтылған".
Құзырлы ведомство елімізге жеткізілген "қара жәшіктен" алынған деректерді мамандар зерделеп жатқаны да нақтыланады.
15 қаңтар, 18:13