Атырау, 15 қаңтар 18:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

ҚМДБ ғұламалар кеңесі кибербуллингке қатысты пәтуа шығарды

100 просмотра

Ашық дереккөзден алынған сурет

ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мәліметінше, шариғатта кибербуллингтің кез-келген түріне тыйым салынады, деп хабарлайды Ақ Жайық.

Кибербуллинг – бұл интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау.

Шариғатта біреуді қорқытуға, қорлауға, мазақ етуге, айыбын ашуға, кемсітуге тыйым салынған. Алла Тағала Құранда былай дейді:

«Уа, иман келтіргендер! Ешбір қауым екінші бір басқа қауымды мазақ етпесін! Бәлкім, солар (мазақ еткендері) өздерінен қайырлы болар. Әйелдер де басқа әйелдерді (мазақ етпесін) бәлкім, солар (мазақ еткендері) өздерінен қайырлы болар. Сондай-ақ өз-өздеріңді даттамаңдар әрі бір-біріңе жаман лақап тақпаңдар ...»3.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санаудан (кемсіту, қорлау) асқан жамандық жоқ. Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға – харам». Тағы бір хадисте: «Мұсылманның мұсылманды қорқытуы – халал емес», – деген.

Әс-Сәфәрайни былай дейді: «Кімде-кім жолдастары мен достарының бірін жек көрсе немесе мазақ етсе не мүминнің бірін қорласа, кемсітсе ашық күнә жасапты».

Сондықтан кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне (сөз формасындағы буллинг, күш көрсету арқылы қорқыту, реляцион) тыйым салынады.

Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.

Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады.

Бүгін, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.