Атырау, 15 қаңтар 16:50
 ашықВ Атырау -3
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

​Сот North Caspian Operating Company N.V.-ден 3,5 млрд теңге залалды өндіріп алды

86 просмотра

Астананың Экономикалық соты North Caspian Operating Company N.V.-ден 3,5 млрд теңге өндірді. 

Сотқа «Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Батыс өңіраралық басқармасы» РМУ жүгінген. 

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекетке келтірілген зиянды өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады.

Сотта Энергетика министрлігі жауапкердің мұнай-газ кешеніндегі қызметіне кешенді тексеру жүргізгені анықталды.

"Тексеру қорытындысы бойынша Қашаған кен орнында көмірсутектер мен көмірсутекті емес газдардың көпкомпонентті қоспасын шектен тыс рұқсатсыз жағу фактілері анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды" делінген соттың хабарламасында.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалы ӘҚБтК-нің 356-бабының 3, 5-бөлігінде (Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен филиалдың шағымы қанағаттандырусыз, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы өзгеріссіз қалдырылды.

Осылайша, Қашаған кен орнында шикі газды шектен тыс жағу фактісі анықталды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.