Атырау, 15 қаңтар 16:48
 ашықВ Атырау -3
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

​Атырау облысында жыл басталғалы 14 өрт оқиғасы тіркелген

104 просмотра
Сурет: Атырау облысы ТЖД  

Атырау облысы ТЖД мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтар мен 13 қаңтар аралығында Атырау облысы бойынша 14 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде, тұрғын үйде - 2 өрт, автокөлікте - 8 өрт, бақылаудағы объектілерде – 4 өрт.

Жалпы өрт оқиғалары негізінен адами факторлардың әсерінен, яғни салғырттықтан көп орын алуда. Тұрғын үйлердегі өрттің шығу себебі көбінесе өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережесін сақтамаудан болып жатыр.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережесін сақтамау дегеніміз:

• қосулы тұрған электр, яғни үй жылытқыш пештердің үстіне киім жайып кептіру,
• тез тұтанатын аумақтарға пешті жақын қою,
• көрпе-төсек, перде тұратын жер мен пештің арақашықтығын ескермей жақын қою,
• тұрмыстық электр аспаптарын қараусыз қалдыру,
• қолданып болған соң тоқ көзінен ажыратпай немесе бала қолы жететін тұсқа қоя салу,
• кішкентай балалы үйлерде оттықты, сіріңкені қолжетімді жерге қалдыру,
• ток көзіне, жалпы үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы ережелерді сақтамау,
• кәсіби мамандардың көмегіне жүгінбей өз бетінше жұмыс жасау.

ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, әрбір тұрғын кез келген техникалық, электрлі заттарға мұқият болуы керектігін ескертеді.

Бүгін, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.