Атырау, 24 желтоқсан 08:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Атыраудағы “Тасымалдаушы” рейді: 100-ден астам заң бұзушы анықталды

887 рет қаралды

Рейдтік іс-шара 14-16 қаңтар аралығында жалғасады. Жұмыстар басталғалы 100-ден аса құқықбұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Профилактикалық жұмыстарға патрульдік полиция қызметкерлерінен бөлек жергілікті атқарушы органдар, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері жұмылдырылған. Мақсат — заңсыз жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалы кезіндегі заң бұзушылықтардың алдын алу.

- Жедел-профилактикалық іс-шара басталған тәуліктің өзінде 100-ден аса құқық бұзушылық анықталып, оларға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдар салынды. Соның ішінде жүк тасымалдау ережесін бұзған, техникалық жарамсыз көлік құралдарымен, техниалық қайта жабдықталған көліктермен жолаушы тасымалдаған жүргізушілер бар, - деді патрульдік полиция батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары Өсер Жәңгірхан.

Айта кетейік, көлік құралдарының жай-күйі мен техникалық байқаудан өтуі, сақтандыру шартын жасату, көлікке жүк тиеген кезде оның жолға құламауы мен қоршаған ортаға зиян тигізбеуі маңызды. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда жүргізушілерге 5-20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

15 қаңтар, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.