АСТАНА, 1 там – Қазақстан жаңалықтары АА. АҚШ Конгресі ядро бағдарламасына байланысты Иранға қарсы қосымша санкция енгізетін заңды жақтап дауыс берді, деп хабарлайды РИА Новости.
Атап айтқанда, заң жобасы Иран мұнайы экспортының жыл бойы күніне 1 млн баррельге қысқаруын қарастырады.
Заң жобасын 400 адам жақтаса, 20-сы қарсы болды. Енді құжат сенаттан өтіп, оған президент Барак Обама қол қоюы тиіс.
Дауыс беру Иранның жаңа сайланған президенті Хасан Роуханидің өз қызметіне кірісуінен сәл бұрын өтті. АҚШ Иран ядролық қару дайындап жатыр деп күдіктенсе, Тегеран бұл мәліметті жоққа шығарып, оның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін айтуда. БҰҰ мен өзге де халықаралық ұйымдардың санкцияларымен қатар, Иранды ядролық қарудан бас тартуға мәжбүрлеу мақсатында АҚШ аталған елге қарсы өз санкцияларын енгізді.
Дереккөз: newskaz.kz