Атырау, 12 желтоқсан 06:37
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың жария тізілімі енгізіледі

389 рет қаралды

Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандардың жария тізілімі енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

- Сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу ескерілген. Бұл – профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты – қоғам арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер қамтылатын болады. Мәліметтер тек заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде қосылады, - деді Ұ. Сарқұлов.

Оның айтуынша, тізілімінен ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылықтың өтелуі негізінде шығару мүмкін болады. Тізілім агенттіктің сайтына орналастырылады. Тізілімді жүргізуді агенттікке бекіту көзделіп отыр.

15 қаңтар, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.