Атырау, 15 қаңтар 15:12
 ашықВ Атырау -3
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Армения мен АҚШ стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

117 просмотра

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Арменияға шекараны нығайту бойынша сарапшылық көмек көрсету үшін мамандар тобы жіберілетінін айтты, деп жазады Азаттық Радиосы. 

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян 14 қаңтарда Вашингтонда қауіпсіздік саласында екі ел арасындағы әріптестікті кеңейту туралы келісімге қол қойды. АҚШ пен Армения "стратегиялық әріптестік комиссиясын" жасақтап, қорғаныс, экономика, демократия институтын дамыту сияқты салаларда байланысты нығайту мүмкіндіктерін қарастырады деп мәлімдеді Энтони Блинкен келісімге қол қою рәсімі кезінде.

АҚШ мемлекеттік департаментінің жетекшісінің сөзінше, екі ел де "мықты әріптеске" айналып барады.

Келісім мен кездесу туралы ақпарат АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды.

Қол қою рәсімі кезінде Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян да Энтони Блинкеннің сөзін растап, АҚШ шекара қауіпсіздігін нығайту бойынша сарапшылық көмек көрсету үшін Арменияға бір топ маманды жіберетінін айтты. Оның сөзінше, АҚШ сонымен бірге Армениямен бірге азаматтық ядролық ынтымақтастықты да бастайды.

Ереван "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресу үшін АҚШ бастаған ұзақ жылдардан бері келе жатқан коалицияға ресми қосылғанын жариялады, деп жазды "Америка дауысы".

Армения кейінгі жылдары Ресейдің ықпалы басым Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысуын тоқтатқан. Оның алдында аталған ұйымның әскери жаттығуларына қатысудан бас тартып, АҚШ-пен бірігіп армян-америкалық жаттығулар ұйымдастырған. Сейсенбі күні Ресей бұл қадам Ереванның Еуразия экономика одағына мүшелігімен қиыспайды деп мәлімдеді.

Өткен аптада Армения парламенті ЕО-ға қосылуға өтініш беру процесін бастау туралы заң жобасын мақұлдаған.

Бүгін, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.