Атырау, 15 қаңтар 09:46
 ашықВ Атырау -1
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

​NCOC мердігерінің жұмысшылары Тоқаевқа үндеу жолдады

Бейнежазба
168 просмотра

Әлеуметтік желілерде Delta Solution Service (DSS) қызметкерлерінің президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға үндеу жазған видеосы пайда болды. 

Жұмысшылардың айтуынша, олардың Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Баутино ауылындағы компания базасындағы наразылығы үш күннен бері жалғасып жатыр. Видеода оның 12 қаңтарда түсірілгені айтылады. Келесі видео 11 қаңтарда түсірілген. Олар Солтүстік Каспий Қашаған кен орнында мұнай және газ өндіруші оператор NCOC компаниясынан өздерінң еңбек мәселелеріне назар аударуын талап етіп отыр. Бейнежазбада қызметкерлердің бірі екі талаптары бар екенін еске салады, алайда  қандай екенін нақты атамады. 

Бұл талаптардың еңбек жағдайын жақсарту мен жалақыны көтеруге қатысты екені белгілі. 

Наразы жұмысшылар ұжымдық шарт жұмыс берушінің ғана емес, тапсырыс беруші NCOC компаниясының да қатысуымен жасалғанын, сондықтан компанияға қойған талаптарын әділетті деп санайды. Алайда, олардың айтуынша, NCOC компаниясы олардың талаптарын орындаудан бас тартқан. Жұмысшылар талаптары орындалғанша акцияны жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Бұған дейін жұмысшылардың айтуынша, олар Маңғыстау облысының әкімдігі мен мердігер компания басшылығына жүгінгенімен, нәтиже болмаған. Айтуларынша, бір жарым жылдан бері талаптарын орындата алмай келеді. Сөйтіп 10 қаңтардан бастап олар наразылықтарын білдіруге шыққан. 

Біз бұл жағдайға түсініктеме алу үшін NCOC компаниясына ресми сауал жолдадық.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 02:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.