2025 жылы «Атырау» футбол клубының топ-менеджментінде өзгерістер болды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Клуб директоры қызметіне Орал қаласының 43 жастағы тумасы Манарбек ЕРЖАНОВ тағайындалды.
2003 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің дипломын алды. Ержанов "Атырауға" көшкенге дейін «Ақжайық» директорының орынбасары, 2023 жылы клуб директоры қызметін атқарған.
Айта кетейік, «мұнайшылардың» бұрынғы басшысы 32 жастағы Дінмұхамед Нәдірбаев болатын. Қазіргі уақытта күрделі қаржылық мәселелерге байланысты «Ақжайық» клубының тағдыры белгісіз.
Бұған дейін «Атырау» ФК бас бапкері болып Константин ГОРОВЕНКО тағайындалғаны хабарланған болатын.