Атырау, 15 қаңтар 08:55
 ашықВ Атырау -1
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

"Қазақтелеком" Tele2/Altel-ді қатарлық компанияға сатты

185 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

"Қазақтелеком" катарлық Power International Holding (PIH) компаниясына «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (МТ-С) қатысу үлесінің 100% сату мәмілесін аяқтады, деп хабарлайды "Қазтелеком" телеграм арнасында.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр ақпанда Дохада Қазақтелеком, PIH және «Самұрық-Қазына» қоры арасында бастапқы келісім, ал маусым айында ұялы байланыс операторын сату туралы түпкілікті келісім жасалған болатын.

"Altel және Tele2 брендтерімен танымал «МТ-С» Қазақстандағы жоғары жылдамдықты 5G байланыс желісінің жетекші провайдері болып табылады. 2004 жылы құрылған компанияда 2000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді және 140-тан астам бөлшек сауда дүкендерін басқарады. Оператор Қазақстанның телеком-секторында шешуші позицияны иелене отырып, телекоммуникациялық және цифрлық қызметтердің кең спектрін ұсынады", делінген хабарламада.

«Бұл мәміле «МТ-С» стратегиялық дамуының маңызды кезеңі болып табылады және компания алдында одан әрі өсу және қосымша құндылық жасау үшін мүмкіндіктер ашады. Power International Holding сияқты беделді халықаралық стратегиялық инвестор инновацияларды, қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын енгізбек, бәсекелестікті күшейтіп, жаңа бағдарларды белгілей отырып, «МТ-С» ғана емес, Қазақстанның бүкіл ұялы телекоммуникация саласының одан әрі дамуы мен өркендеуі үшін бар күшін салатынына сенімдімін. Мен «МТ-С» командасының Қазақтелеком құрамында атқарған жұмысын мақтан тұтамын және Қазақстанның цифрлық трансформациясын қолдай отырып, компанияның позициясын одан әрі нығайту үшін эстафетаны PІН-ке қуана табыстаймын», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Кеше, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.