Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі инвестициялық саясатты жақсартуға және туризмді дамытуға бағытталған виза рәсімдеудегі өзгерістер туралы хабарлайды. Олар Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілді, деп хабарлайды Ақ Жайық.
Электрондық визаларды жедел ресімдеу процедурасы іске қосылып жатыр, ол сәйкес тарифті таңдаған жағдайда өтініш бергеннен кейін 24 сағат ішінде құжатты алуға мүмкіндік береді.
Елге іскерлік, туристік және жеке мақсаттармен (достарымен кездесу, медициналық тексеруден өту және т.б.) келген шетелдік азаматтар бір реттік немесе көп мәрте кіре алатын 90 күнге дейін жаңа "Сапар" визасын («J» түрі) алуға өтініш бере алады.
Бұл ретте ескі санаттағы («іскерлік», «туристік», «тау туризмі») визалар жойылады.
Тіркеудің жаңа нұсқалары "Электрондық виза" порталында 2025 жылдың 22 қаңтарынан бастап қолжетімді болады.
Министрлік Қырғызстанға сапарларды алдын ала жоспарлауды ұсынады.