Атырау, 15 қаңтар 04:08
 ашықВ Атырау -5
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

​Көкшетау қаласының тұрғыны кастетті сақтағаны үшін сотталды

196 просмотра

Көкшетауда «кастет» суық қаруын заңсыз сақтаған азаматына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Көкшетау қаласының тұрғыны интернеттен «кастет» сатып алып, оны полиция қызметкерлері ұстағанға дейін өзімен бірге алып жүрген.

2024 жылдың 17 желтоқсанында сот оны 90 сағаттық қоғамдық жұмыстарға соттады. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін ескертеді.

Кеше, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.