Атырау, 15 қаңтар 09:57
 ашықВ Атырау -1
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

​«Асыл-Агро» базары сібір жарасынан кейін ашылып, қалыпты жұмысқа көшті

153 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау қаласындағы "Асыл-Агро" мал сою цехы қалыпты жұмысқа көшіп, карантин алынып тасталды. 

2024 жылдың 20 қарашасында мал базарынан өлген малдан сібір жарасы анықталып, қала әкімі Шәкір КЕЙКІН карантин жариялаған болатын. Базарда жұмыс жасаған қасапшы мен қызметкеріне де теріге шыққан сібір жарасы диагнозы қойылып, облыстық ауруханадан емін алып, сауығып шықты. 

- Осы жұқпалы ауру табылғаннан кейін мал базарында толық дезинфекция жұмысы жүргізілді. Жұмысшылар да оқшауланып, тексерістен өтті. Өткен жылдың 25 желтоқсанында базар қалыпты жұмысқа көшті,-дейді "Асыл-Агро" мал базарының иесі Нұфтолла ҚҰЛБАСОВ. 

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы департаментінің баспасөз қызметі де мал базарының ашылып жұмыс жасап жатқанын, карантин алынып, жағдай тұрақты екенін жеткізді. 

Жалпы Атырауда 6 мал базары бар. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 01:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.