Атырау, 15 қаңтар 03:38
 ашықВ Атырау -5
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Газа секторындағы соғыс тоқтауы мүмкін

196 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы келісім аяқталуға жақын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасай отырып.

Израильдік шенеунік Reuters агенттігіне келісімдер «соңғы кезеңде» екенін және оған қол жеткізу «бірнеше сағаттан бірнеше күндерге» созылуы мүмкін екенін мәлімдеген. АҚШ президенті Джо Байден жексенбіде Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен, дүйсенбіде арағайындық жасап отырған катарлық шейх Тамим бин Хамад Әл-Танимен сөйлескен.

Палестиналық шенеуніктің сөзінше, дүйсенбіде ХАМАС пен Израильдің ресми өкілдері бір ғимаратта делдардар арқылы сөйлескен. Екі тарап мәміле күшіне енген күні ХАМАС үш тұтқынды жібереді, ал Израиль елді-мекендердегі әскерін шығара бастайды деп келіскен. Жеті күннен кейін ХАМАС тағы 4 тұтқынды босатады. Осылайша келісімнің бірінші кезеңі 42 күнге созылады. Израиль 1000 палестиналық тұтқынды, оның ішінде 15 жылдан бері түрмеде жатқан 190 адамды жібереді, ал ХАМАС 34 тұтқынды қайтарады. Мәміленің екінші және үшінші кезеңі соғыс тоқтағаннан кейінгі 16-шы күні басталмақ.

ХАМАС-тың бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соғыс басталғалы бері 46 500 адам көз жұмды.

Кеше, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.