Атырау, 14 қаңтар 22:58
 ашықВ Атырау -5
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

​Атырауда тыйым салынған әдебиет таратқан қайырымдылық мекемесіне айыппұл салынды

191 просмотра
freepik.com

Атырау қаласының прокуратурасы қайырымдылық ұйымдарының бірі арқылы діни араздықты насихаттайтын әдебиеттің таратылуын тоқтатты, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі. 

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында таратылған материалдар Қазақстан аумағында пайдалануға тыйым салынған.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен қайырымдылық мекемесі ҚР ӘҚБтК-тің 453-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бұдан басқа, тиісті рұқсат құжаттарынсыз балаларды діни бағыттарда оқытып, пансионат ретінде қызметтерін атқарған.

Осыған байланысты, қала прокуратурасының талап арызы негізінде 4 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды, сонымен қатар барлық пансионаттар таратылды.

Экстремистік құжаттардың таратылуының алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау әрқашанда прокуратура органдарының басты назарында.

Бүгін, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.