Атырау, 14 қаңтар 22:52
 ашықВ Атырау -5
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

​Израильдің шабуылдары Газадағы отбасыларды баспанасыз қалдырды

158 просмотра
Сурет/ kz.eurasiatoday.ru

Сионистік режимнің шабуылдарынан Газа секторындағы отбасылардың 60 пайызға жуығы баспанасыз қалды. Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сионистік режим Газа секторының тұрғындарына қарқынды шабуылдарын қақтығыстың 465-ші күні жалғастыруда.

Газа секторының Қоғамдық жұмыстар және тұрғын үй министрлігінің есебіне сәйкес, Израиль режимінің Газа секторына қарсы жүргізген соғысы палестиналық отбасылардың 60 пайыздан астамын баспанасыз қалдырды.

Баяндамада 2014 жылғы 51 күндік соғыстың зардаптарынан бірнеше есе асып түсетін Газа секторындағы тұрғын үйлердің толық қирауынан келтірілген залал көлемі көрсетілген. Құжатта атап өтілгендей, бұл соғыстың қирау деңгейі жедел әрекет ету мүмкіндіктерінен асып түседі.

Есепке сәйкес, қирандылардың көлемі ондаған миллион тоннаны құрайды.

Сионистік режимнің Газа секторына қарсы қарулы қақтығысы 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келеді. Осы кезеңде сектордағы үйлер мен инфрақұрылымның 70 пайызы қатты зардап шекті.

Сионистік режим  осы қылмыстардың барлығына қарамастан, ХАМАС қозғалысын жою және Газа секторындағы сионистік тұтқындарды босатудағы  мақсатына әлі жете алмағанын мойындады.

Бүгін, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.