Атырау, 14 қаңтар 22:55
 ашықВ Атырау -5
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

Ақтөбеде кепілде болған әйелдің жасы мен қандай жарақат алғаны белгілі болды

197 просмотра

Ақтөбенің денсаулық сақтау басқармасы кеше түнде кепілге түсіп, полиция босатып алған әйелдің жасы мен денсаулығына қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, әйел қазір есін біледі, өздігінен демалып жатыр, дегенмен, жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған.

«1984 жылы туған әйел адам Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханаға түсті. Басы жарақаттанған, миы шайқалған. Жағдайы тұрақты ауыр, есін біледі, өздігінен тыныстап жатыр», - деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, күдікті оның туған анасы мен өгей әкесін пышақтап, үйдің жертөлесіне қамап, ал өзін кепілге алған. Әйелдің анасы ауруханаға жетпей қаза тапқан. Өгей әкесі болса ауруханаға барғаннан кейін жан тапсырды. Дәрігерлер оның өмірі үшін 40 минут күрестік дейді.

Бүгін, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.