Атырау, 15 қаңтар 03:24
 ашықВ Атырау -5
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Құрманғазы ауданында малды пастереллезге қарсы егу жұмыстары басталды

272 просмотра

Құрманғазы ауданы Азғыр өңірінде пастереллез ауруынан киіктер өлген еді. 

- Азғыр өңірінде киіктер саны артып, жылдан-жылға көбейіп келеді. Тіпті жайылымдық жерлерді тұяғымен тапап жатыр. Мал өрісі тарылып болды. Оның үстіне киік өлекселерінің әр жерден табылуы шаруаларды алаңдатуда. Малымызға жұқпалы ауру тарап кетпесіне кім кепіл, - дейді бізге хабарласқан шаруа қожалықтары. 

Өткен жылы киіктердің белгісіз аурудан әр жерден өлекселерінің табылуы елең еткізген болатын. Азғыр ауылдық округінен 87, Сүйіндік округінен 5 бас, барлығы 93 киіктің өлекселері табылған.

"Охотзоопром" мекемесімен өлекселер жиналып, залалсыздандырып жойылған болатын. Атырау облысы "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы" ШЖҚ РМК мамандары өлген және ауырған киіктердің ішкі органынан патологиялық материалдар мен қан сынамасын тексертуге жібергенде пастереллез ауруынан өлгенін анықтады. 

Сол себептен  өңірдегі малдарға пастереллезге қарсы екпе салу қолға алынуда екен. Құрманғазы ауданы әкімшілігі мамандарының айтуынша 2025 жылы 28400 ірі қара, 111000 қой-ешкіге пастереллезге ауруына қарсы вакцинациялау жүргізілмекші. Бүгінде бұл жұмыс қолға алынған. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.