Атырау, 14 қаңтар 22:17
 бұлттыВ Атырау -4
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады

132 просмотра
видеодан скриншот

Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес қызметі облыстық прокуратурамен бірлесіп, 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. 

Ол Алматы қаласындағы сауда орталықтарында жәбірленушілердің банк шоттарынан ақша ұрлауға бағытталған алаяқтық схемаға қатысы бар деген күдікке ілінді. 

Тараз қаласының полиция басқармасына зейнеткер әйел шағымданып, белгісіз біреудің алдау жолымен оның 13,2 млн теңге қаражатын иемденіп алғанын мәлімдеген. Қылмыскер интернет-ресурстарды пайдаланып, зейнеткердің банк шотына қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған. 

Күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетпек болған кезінде құрықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Бүгін, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.