Атырау, 14 қаңтар 22:10
 бұлттыВ Атырау -4
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

​Сәбит Арынов "Қазтрансойл" АҚ филиалының директоры болып тағайындалды​

230 просмотра

Сәбит Арынов "Қазтрансойл" АҚ "зерттеулер және әзірлемелер орталығы" филиалының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Сәбит Арынов Қазақ ұлттық техникалық университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Атырау» мұнай айдау станциясында технологиялық қондырғыларды жөндеу слесары болып бастаған. Әр жылдары Атырау мұнай құбыры басқармасының инженер-механигі, Батыс филиалының мұнай құбырларын пайдалану бөлімінің орынбасары, Орал мұнай құбыры басқармасының бас инженері, «Терминалекс» ЖШС-нің бас директоры, Батыс филиалының Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бас инженері, «ҚазТрансОйл» АҚ өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры лауазымын атқарған.

Бүгін, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.