Атырау, 14 қаңтар 21:14
 бұлттыВ Атырау -4
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

​Ақтөбеде кепілге алынған екі адам көз жұмды

204 просмотра
Сурет: 24kz

Ақтөбеде кепілге алынған жәбірленушілердің бірінің жағдайы ауыр, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ. 

Бірі ауруханаға бара жатқан жолда, екінші адам ота жасалып жатқан кезде көз жұмды. Үшінші жәбірленушінің жағдайы ауыр. Кеше кешкі сағат 8-де «102» пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды. 

Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. 

Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бүгін, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.