Ақтөбе қаласындағы Мәскеу ауданында белгісіз біреу қызды кепілге алды. Қаз3р кепілде болған қыз бен оның ата-анасы босатылды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі кепілде болған адамдардың түгел босатылғанын хабарлады.
— Кепілге алынған әйелді босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Жәбірленуші қыз және оның ата-анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Жарақат алған, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында келіссөз жүргізген облыстық ПД бастығы Абай Жүсіповтің айтуынша, жедел басқару орталығына хабар 20:00 шамасында түскен. Онда қызды кепілге алғаны туралы хабарлама болды. Әлеуметтік желі арқылы тараған видеодан жедел жәрдемнің, өрт сөндірушілер мен полицияның бірнеше бригадасын көруге болады.
— Жедел тергеу тобы, арнайы жасақ оқиға орнына келді. Жедел операция өтіп, кепілге алынған азаматша мен оның ата-анасы босатылды. Күдікті адам ұсталды, — деді облыстық ПД бастығы Абай Жүсіпов.
Полицияның хабарлауынша, күдікті талап қоймаған.