Атырау, 14 қаңтар 16:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

Мақат ауданында апатты үйдің тұрғындары баспаналы болды

Сурет
257 просмотра

13 қаңтарда Мақат ауданында апатты үйде тұратын 14 отбасы жаңа үйге көшірілді. Аудан әкімі Азамат МӘМБЕТОВ жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстады. 

Жалпы ауданда пайдаланылуға берілгеніне 100 жылдан асқан тозығы жетіп, ескірген үйлер бар. Ғасырдан асқан апатты үй тұрғындарын көшіру соңғы кезде қолға алына бастады. 

2024 жылы 40 апатты үй тұрғындары жаңа баспанаға қол жеткізді. Жалпы аудан бойынша 742 адам үй кезегінде тұрса, оның 68-і апатты үй тұрғындары. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 23:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.