Атырау, 1 қыркүйек 09:28
 дождьВ Атырау +16.8
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34

Шымкент қаласында құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылды

685 рет қаралды
Сурет: ChatGPT

Шымкентте төрт құрылыс компаниясы заңсыз жарнама үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала прокуратурасы. 

Қалалық прокуратура тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын тарту мақсатында заңсыз жарнама жасаған 4 компанияларды анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлілер ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі (үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 млн теңге айыппұл салынды.

Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, олардың құжаттарының дұрыстығына көз жеткізуге кеңес беріледі.

Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

13 қаңтар 2025, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.