Air Astana 12 жастағы Зере ісі бойынша апелляциядан ұтылды. Компания сотта қыздың анасына «ұшақта орын жетіспеді» деп моральдық өтемақыны 5 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін төмендетуді сұраған, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасының шешімін қорғаушы Дәнелхан Шағатаев түсіндірді, ол Зеренің анасының мүддесін сотта қорғаған.
«Air Astana өкілдері өз шағымында моральдық өтемақы мөлшерін 5 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін азайтуды сұраған. Олар балаларға қатысты сот тәжірибесіне сілтеме жасап, 1 миллион теңге шамасында өтемақы өндірілгенін айтқан», деді адвокат.
Алайда Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы отандық әуе компаниясының шағымын қанағаттандырмады.
«Біз сотта өз қарсылығымызды білдірдік. Заңды күшіне енген шешім бар, барлық кінә дәлелденген. Оқиға фактілері дау тудырмайды. Сондықтан 5 миллион теңге көлеміндегі моральдық өтемақы – бұл әділ шешім. Сот алқасы бірінші соттың шешімін негізді және заңды деп санап, оны өзгеріссіз қалдырды», деп атап өтті Дәнелхан Шағатаев.
Адвокаттың айтуынша, Air Astana банктік реквизиттерді ұсынған, ақша аударымы орындалады.