ҚР халықаралық астық нарықтарындағы өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. ҚТЖ деректері бойынша 2024 жылдың қорытындысы бойынша 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспорт 8,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспсаөз қызметі.
Экспорттық бағыттардың ішінде: Өзбекстан (3,3 млн тонна), Қытай (1,7 млн тонна). Тәжікстанға 1,2 млн тонна астық жеткізілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20% - ға артық. Қырғызстанға 140 мың тонна астық экспортталды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,9 есе көп.
Иран мен Әзірбайжан нарықтары қалпына келтірілді. Иранға астық жеткізу көлемі 2 есеге (526 мың тонна), Әзірбайжанға - 1,8 есеге (211 мың тонна) өсті.
2024 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін 5 млн тонна жаңа астық тасымалданды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 50% - ға артық. Экспорт көлемі 57% - ға өсіп, 3,9 млн тоннаны құрады.
Оның ішінде Өзбекстанға 1.5 млн тонна (өсім 45%), Тәжікстанға - 633 мың тонна (57%), Ауғанстанға - 190 мың тонна (51%), Қытайға - 592 мың тонна (2%) экспортталды.
Иранға жеткізілім 30 есе артып, 455 мың тоннаны құрады, Әзірбайжанға 188 мың тонна экспортталды (2023 жылдың қыркүйек-желтоқсанында жеткізілім болған жоқ).