Атырау, 14 желтоқсан 06:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Қазақстанда 12 градусқа дейін күн жылынады

519 рет қаралды
Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстанда 14, 15 және 16 қаңтарда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді. Қар жауып, боран соғады, ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Ел бойынша ауа температурасы құбылмалы болады: батыста түнде 0-8 градус аяз, солтүстік пен шығыста 10-25 градус аяз, күндіз 5 градус аяз-5 градус жылыдан 2-10 градус аязға дейін. Оңтүстікте түнде 1-13 градус аяз, күндіз 0-12 градус жылы болады", – делінген хабарламада.

Елімізде жел күшейіп, тұман болады деп күтіледі.


13 қаңтар, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.