Сот үкімімен қала тұрғыны лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін 240,3 млн теңге көлемінде айыппұл жазасына сотталған, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Кінәлі тұлға 196 млн теңге мөлшерінде айыппұлды ішінара төлеу туралы сот орындаушысына түбіртектердің көшірмелерін табыстаған.
Нұра ауданы прокуратурасының талдауы барысында бұл сома мемлекет кірісіне түспегені, ал айыппұлдың төленбегені анықталды.
Берілген түбіртек жалған екені расталды.
Аудан прокуратурасының нұсқауы бойынша сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөнінде сотқа жүгініп, ұсыныс қанағаттандырылды.
Сотпен айыппұл жазасы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Жалған түбіртектерді беру фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.