26 шілде күні «Қызыл Жарты ай» гуманитарлық ұйымы филиалының қызметкерлері қасиетті Рамазан айына арналған акцияда тұрмысы төмен 52 жанға тегін азық-түлік жиынтығын таратты.
Жиынтыққа: 2 литр өсімдік майы, жарты келілік 2 макарон орамасы, 250 грамм шай, 2 келіден күріш, қант және ұн кіреді. Алған жандар риза болды.
«Қызыл жарты ай» филиалының директоры Айгүл ҚҰЛТАНОВАНЫҢайтуынша, осы азық-түлікті алушылардың көпшілігі Атырау қаласы, Островский көшесі, 4 «а» мекен-жайында (ТЖ департаменті ғимаратының артында) орналасқан филиалдың кеңсесіне өздері хабарласқан. Олардан басқа, 18 адамнан тұратын тізімді қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған.
– Филиалда 2-4 жастағы қыз балаларға арналған көйлектер, 8-10 жасар ұл балаларға арналған шортылар бар, кімге керек, - деді Құлтанова қатысушыларға. – Киім жаңа емес, бірақ таза, ауқатты жандардың қайырымдылықпен ұсынған заттары.
А. Құлтанова келесі акцияның қашан болатындығы туралы залдан қойылған сұраққа жауап бере алмады. Оның айтуынша, бәрі де мүшелік билеттерді (билет тегін, ал мүшелік жарна жылына 300 теңгеден) және «Қызыл Жарты ай» қайырымдылық купондарын (100, 200, 500 және 1000 теңгеден) демеушілердің сатып алуына байланысты болады екен.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ