Атырау, 10 қаңтар 21:18
 ашықВ Атырау -4
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

МӘМС-пен қамтылмаған 4 млн адам енді тегін онкологиялық тексерістен өте алады - Мәжіліс депутаты

89 просмотра
Сурет: dr-clinic.ru

Міндетті әлеуметтік сақтандыруы жоқ 4 миллионға жуық адам онкологиялық сырқатты ерте анықтайтын скринингтен тегін өте алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов SHYNDYK LIVE подкасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Асхат Аймағамбетов Үкіметтің денсаулық сақтау саласына бөлетін қаражатты бірнеше млрд теңгеге азайтып тастағысы келгенін атап өтті. Айтуынша, онкологиялық науқастарды емдеу - 20 млрд теңгеге, онкогематология - 5 млрд теңгеге, гемодиализ - 7 млрд теңгеге, хоспистер (паллиативтік көмек) - 4 млрд теңгеге қысқаратын болған. Алайда Әлеуметтік комитет депутаттары мыңдаған қазақстандықтың құқығын қорғап, қаражаттың бюджетте сақталуын талап еткен.

Мәжілісменнің айтуынша, елімізде онкологиялық науқастардың саны жыл сайын 5-7% - ға артып отыр, бүгінде қатерлі ісікке шалдыққандар саны 200 мыңнан асады. Қауіпті дерт жылдан-жылға жасарып келеді. Сәулелену терапиясымен қамту 40 пайыздан кем болып отыр, ал оның минималды көрсеткіші 70 пайыз болуы керек.

Бүгін, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.