Атырау, 15 ақпан 11:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

​Маңғыстауда техникалық колледж есепшісі жеке шотына 243 млен теңге аударған

1 098 рет қаралды

Маңғыстау облысы прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі. 

Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. 
 
Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
 
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.
 
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.  

10 қаңтар 2025, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.