Қазгидромет 11, 12 және 13 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, елдің солтүстік-шығысы мен шығысында циклонның әсерінен қар жауып, боран болады. Қалған аймақтарда жоғары қысымның әсерінен құрғақ ауа райы күтіледі. 13 қаңтарда батыс өңірлерге жаңа циклон толқыны келіп, соның салдарынан жаңбыр, қар, көктайғақ болуы мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал.
"Қазақстанның солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 8-18 градус аязға дейін төмендейді. Елдің шығысында температура 10-27 градус аязға дейін жетеді, ал қалған аумақтарда температуралық фон айтарлықтай өзгермейді", – делінген хабарламада.